Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Главная » 2012 » Апрель » 18 » Физика және математика пәндері мұғалімдерінің облыстық форумы
18:16 Физика және математика пәндері мұғалімдерінің облыстық форумы |
2012 жылдың сәуірінің 13-нде Өскемен қаласында физика және математика пәндері мұғалімдерінің облыстық форумы өтті. Семей қаласынан форум жұмысына 9 мұғалім мен 14 білім беру мекемелерінің басшылары қатынасты. Олар шебер кластар мен авторлық оқу бағдарламаларымен таныстырды. Шығармашылық топтың жұмысында Семей қалалық білім , дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Г. Алтынбекова бірнеше мәселелердің шешу жолдарын ұсынды барлық ұсыныстар көпшілік дауыспен қабылданды: - оқушыларды облыстың даму стратегиясымен таныстыра отырып, келешекте облысқа қандай мамандықтардың керектігін баса назар аудару және осыған байланысты мамандықтар базасын құру; - элективті курстарды таңдаған мамандықтар бойынша оқыту; - педсыныптар жұмысын жандандыру; - педагогикалық оқу орнын бітірген жас мамандарға бір жылдық ординатура ұйымдастыру. Форум жұмысы облыста физика және математика пәндерінің мұғалімдер Ассоциасын құру, базалық , пилоттық мектептер ашу туралы қаулы қабылдады.
|
Просмотров: 775 |
Добавил: Лаура
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|
| | |